2024 жылдың
15-16 қараша күндері Өскемен қаласында
«Туған жер-алтын бесігім» облыстық жобасы аясында, тағдырын қазақ халқымен біртұтас сезініп, елге, киелі жерге қорған болған
Қасым Қайсеновтей
Халық Қаһарманы мен Кеңес Одағының 9 батыры және халқын білім нәрімен сусындатқан
Сәрсен Аманжолов,
Алтай Аманжолов,
Зәки Ахметов,
Какен Ахановтай асылдар мекендеген, бірлігі мен ынтымағы жарасқан,
көп ұлтты,
еңбекқор халқы бар,
«Ұлылардың мекені, батырлардың бесігі»,
киелі өлке - Ұлан ауданының күндерін тамашалауға шақырамыз!
Стахановская көшесі 3а мекен-жайында орналасқан
«Бұқаралық спортты дамыту орталығы» залында футзалдан облыстық
ашық турнирі, және
Қаныш Сәтпаев көшесі 82 мекен-жайы бойынша «Дарынды балаларға арналған олимпиадалық резерв мектеп-интернат колледжі»
спорт залында облыстық тоғызқұмалақтан
және шахматтан турнир ұйымдастырылады.